Футболдан Қазақстан кубогы: Іріктеу кезеңнің жеребесі тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл ел кубогының іріктеу додасына бірінші және екінші лигалардан бар болғаны тоғыз команда қатысады. 
None
None

Бүгін еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы кеңсесінде жеребе тартылып, олар үш топқа тең бөлінді:

«А» тобы: «Қызыл-Жар СК», «Мақтаарал», СДЮШОР №7;

«В» тобы: «Алтай», «Екібастұз», «Қыран»;

«С» тобы: «Жетісу», «Каспий», «Рузаевка».

Кәсіпқой футбол лигасының реми сайтында бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан кубогына үш команда қатыстырылмайды. «Регламент талабына сай Қазақстан кубогының іріктеу додасына "Қайрат А", "Шахтер-Болат" және "Байқоңыр" командалары қатыса алмайды. Аталған командалар "Қайрат", "Шахтер" және "Қайсар" клубтарының құрылымдарына кіреді», - делінген онда.

Іріктеу кезеңінің ойындары 28 наурыздан 6 сәуірге дейін Оңтүстік Қазақстан облысында өтеді. Әр топта бірінші орын алған командалар мен екінші орын алған командалардың ішіндегі техникалық көрсеткіші жоғарысы ел кубогының 1/8 финалына шығады.

 

Дереккөз: Астана футбол федерациясы

Соңғы жаңалықтар