18:00, 19 Сәуір 2023 | GMT +5
Футболдан Қазақстан кубогы: «Каспий» «Тұраннан» жеңіліп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы 1/8 финалының алғашқы ойынының нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлдың «Қызылжары» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуын» 3:0 есебімен сүріндірді.
Ойын барысында петропавлдық клубтан Младен Веселенович - 11, Тимур Мульдинов - 33, Артем Черединов 81-минутта мергендік танытты.
Ал ақтаулық «Каспий» Түркістанның «Тұранына» 0:1 есебімен жол берді. Кездесу тағдырын шешкен голды Адама Диалло 16-минутта өзінің еншісіне жазды.
Дәл өазір «Ақтөбе» - «Атырау», «Шахтер» (Қарағанды) - «Оқжетпес» (Көкшетау) ойындары өтіп жатыр.
Ал 19:00-де «Қайрат» (Алматы) - «Ақжайық» (Орал), «Тобыл» (Қостанай) - «Ақсу» (Павлодар облысы) шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) - «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Астана» - «Қайсар» (Қызылорда) жасыл алаңға шығады.