Футболдан Қазақстан кубогы үшін жарыстың 1/8-ші финалының жеребесі тартылды

АСТАНА. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан Қазақстан кубогы үшін жарыстың 1/8-ші финалының жеребесі тартылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, жеребенің нәтижесінде Талдықорғанның «Жетісу» және Атыраудың «Атырау» клубтары келесі кезеңге талассыз өтті. Ал, ширек финалға шығу үшін бұл кезеңде «Восток» (Өскемен)-(Қызылжар» (Петропавл), «Ертіс» (Павлодар)-«Ордабасы» (Шымкент), «Шахтер» (Қарағанды)-«Оқжетпес» (Көкшетау), «Ақтөбе» (Ақтөбе)-«Локомотив» (Астана), «Қазақмыс» (Сәтбаев) -«Қайсар» (Қызылорда), «Тобыл» (Қостанай)-«Тараз» (Тараз) командалары кездеседі. Алғашқы ойындар мамырдың 20-сында бірінші көрсетілген командалардың алаңдарында өтеді. Ал, қарымта кездесулер маусымның 23-інде болады. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған клубтар ширек финалға шығады.
Соңғы жаңалықтар