Футболдан Қазақстан кубогында «Ақтөбе» мен «Тараз» тең түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі төртінші турының екінші ойын күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін D тобында Қарағандының «Шахтері» Талдықорғанның «Жетісуын» 4:2 есебімен тізе бүктірсе, С тобында «Ақтөбе» мен «Тараз» 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Енді 31 шілдеде А тобында Павлодар облысының «Ақсу» және Алматының «Қайрат», В тобында «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ақжайық» (Орал) кездеседі.

Ал D тобында «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Тұран» (Түркістан), С тобында «Мақтарал» (Түркістан облысы) және «Тобыл» (Қостанай) шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын А тобында Шымкенттің «Ордабасы» өз алаңында «Атырауға» 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Сондай-ақ, дәл сондай есеппен В тобында «Қайсар» (Қызылорда) өз алаңында «Каспий» (Ақтау) командасына жол берді.


Соңғы жаңалықтар