Футболдан Қазақстан кубогында «Астана» «Тұраннан» басым түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі төртінші турының үшінші ойын күніндегі тағы бір матчтың нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл жолы D тобында елордалық «Астана» өз алаңында Түркістанның «Тұранын» қабылдады.

Ойын барысында елордалық командадан Педро Эуженио 2, 26- минуттарда мергендік танытты. Оған түркістандық командадан Самир Фазли 58-минутта бір голмен жауап қайырды.

Аталған топтағы тағы бір кездесуде Қарағандының «Шахтері» Талдықорғанның «Жетісуын» 4:2 есебімен тізе бүктірген еді.

Дәл қазір А тобында Павлодар облысының «Ақсу» және Алматының «Қайрат», С тобында «Мақтарал» (Түркістан облысы) және «Тобыл» (Қостанай) командалары кездесіп жатыр.

Сондай-ақ, С тобында «Ақтөбе» мен «Тараз» 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Еске салсақ, бұдан бұрын А тобында Шымкенттің «Ордабасы» өз алаңында «Атырауға» 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Сондай-ақ, дәл сондай есеппен В тобында «Қайсар» (Қызылорда) өз алаңында «Каспий» (Ақтау) командасына жол берді.

Ал бүгін Оралдың «Ақжайығы» елордада Петропавлдың «Қызылжарын» ұтты.


Соңғы жаңалықтар