Футболдан Қазақстан кубогында «Атырау» «Ордабасыдан» ойсырай жеңілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі үшінші турының алғашқы ойын күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Бұл күнгі бірінші кездесуде «Атырау» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдады.

Ойын барысында шымкенттік клуб жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыластар қақпасына төрт гол соғып кетті. Оған атыраулық футболшылар бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Атырау» қарсыласына 1:4 есебімен жол берді.

Тағы бір кездесуде «Тараз» бен «Ақтөбе» командалары 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Енді аталған турда 23 шілдеде «Каспий» (Ақтау) мен «Қайсар» (Қызылорда) командалары кездеседі.

Ал 24 шілдеде «Тұран» (Түркістан) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Ақжайық» (Орал) пен «Қызылжар» (Петропавл), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Тобыл» (Қостанай) мен «Мақтаарал» (Түркістан облысы), «Қайрат» (Алматы) пен «Ақсу» (Павлодар облысы) командалары ойнайды.

Еске салсақ, футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының негізгі сатысындағы ойын кестесі анықталды.



Соңғы жаңалықтар