Футболдан Қазақстан кубогында Шахтер ширек финалға шықты

Бұл жолы Түркістанда жергілікті «Тұран» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдады.
Ойын барысында Рохер Каньяс 16, Евгений Кобзарь 86-минутта мергендік танытты. Осылайша «Шахтер» сырт алаңда қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Нәтижесінде 10 ұпаймен D тобында көш басына шығып, бір тур бұрын ширек финалға жолдамаға қол жеткізді.
Айта кетсек, бүгін В тобында Оралда «Ақжайық» пен Қызылорданың «Қайсары» 2:2 есебіне қанағат білдірді .
Енді 6 тамызда А тобында «Атырау» мен «Аксу» (Павлодар облысы), C тобында «Ақтөбе» мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) кездеседі.
Ал 7 тамызда А тобында «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайрат» (Алматы), В тобында «Қызылжар» (Петропавл) мен «Каспий» (Ақтау), С тобында «Тобыл» (Қостанай) мен «Тараз», D тобында «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Жетісу» (Талдықорған) командалары шеберлік байқасады.