Футболдан Қазақстан кубогында Шахтер ширек финалға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі бесінші турындағы тағы бір ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы Түркістанда жергілікті «Тұран» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдады.

Ойын барысында Рохер Каньяс 16, Евгений Кобзарь 86-минутта мергендік танытты. Осылайша «Шахтер» сырт алаңда қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Нәтижесінде 10 ұпаймен D тобында көш басына шығып, бір тур бұрын ширек финалға жолдамаға қол жеткізді.

Айта кетсек, бүгін В тобында Оралда «Ақжайық» пен Қызылорданың «Қайсары» 2:2 есебіне қанағат білдірді .

Енді 6 тамызда А тобында «Атырау» мен «Аксу» (Павлодар облысы), C тобында «Ақтөбе» мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) кездеседі.

Ал 7 тамызда А тобында «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайрат» (Алматы), В тобында «Қызылжар» (Петропавл) мен «Каспий» (Ақтау), С тобында «Тобыл» (Қостанай) мен «Тараз», D тобында «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Жетісу» (Талдықорған) командалары шеберлік байқасады.


Соңғы жаңалықтар