Футболдан Қазақстан кубогында үшінші кезеңге шыққан командалар анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогының үшінші кезеңіне шыққан төрт команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

12 сәуірде жарыстың екінші сатысында төрт ойын өткізілді.

Қызылорданың «Қайсары» өз алаңында елорданың «Жас сұңқарын» 1;0, Арыстың «Яссы» командасы Алматының «Жас қыранын» 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Талдықорғанның «Жетісуы» сырт алаңда «Aqtobe City» клубымен кездесіп, негізгі кезеңде 0:0 есебі тіркелді. Пенальтиден талдықорғандық клуб 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ал шымкенттік «Академия Оңтүстік» клубы елордалық «Жеңіске» 2:3 есебімен жол берді.

Енді төрт команда 3 мамырда Қазақстан кубогының топтық кезеңіне екі жолдаманы сарапқа салады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі аяқталғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар