Футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңіне қатысатын командалар анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңіне қатысатын барлық команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңіне қатысатын командалар анықталды

Қазақстан кубогы үшінші іріктеу кезеңінде екі ойын өткізілді. Қызылорданың «Қайсары» өз алаңында Түркістанның «Яссы» командасын 2:1 есебімен тізе бүктірсе, Талдықорғанның «Жетісуы» елордалық «Жеңістен» 2:1 есебімен басым түсті.

Енді олардың қатарына Премьер-лигада сынға түсіп жатқан 14 команда қосылады.

Аталған клубтар топтық кезеңнің жеребесі алдында төрт себетке топтастырылды.

Бірінші себет: «Тобыл», «Астана», «Қайрат», «Қызылжар».

Екінші себет: «Шахтер», «Каспий», «Тараз», «Ордабасы».

Үшінші себет: «Ақжайық», «Мақтарал», «Атырау», «Тұран».

Төртінші себет: «Ақсу», «Ақтөбе», «Жетісу», «Қайсар».

Топтық кезеңнің жеребе тарту рәсімі 18 мамырға белгіленген.

Топтық кезең ойындары 8 шілдеде басталып, 14 тамызда мәресіне жетеді. Ал 31 тамызда ширек финал ойындары басталса, жартылай финал 19 қазанда болады. Финал 12 қарашада өтеді.

Еске салсақ, футболдан ел біріншілігінде Тараз командасы көш бастады.