Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриямен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында үшінші ойынын сырт алаңда Аустрияға қарсы өткізеді.
Ел құрамасы аталған турнирдің үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Норвегия, Словения және Австрия құрамалары.
Қазірге дейін қазақстандық футболшылар өз алаңында Норвегиямен 0:0 есебімен тең түсіп, сырт алаңда Словенияға 0:3 есебімен жол берді.
Аустрия және Қазақстан кездесуі елорда уақытымен Линц қаласындағы «Райффайзен Арена» стадионында 23.45-ке басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Қазақстандық футболшылар екі мәрте қарсыласына есе жіберсе, екеуінде құрамалар тең нәтижеге қанағат білдірді. Алдымен 2010 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде А тобында 0:2 есебімен жеңіліп, 0:0 есебімен тең ойнады. Одан кейін 2012 жылы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде С тобында алдымен 0:0 есебімен тіркелсе, сырт алаңда қарсыласқа 0:4 есебімен жеңілді.
Бүгінгі кездесуге шотландиялық төрешілер қазылық етеді. Бас төреші қызметін Дональд Робертсон атқарады. Оған Дэвид Рум мен Росс Маклеод көмекшілік жасайды. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Грант Ирвайн.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесоов алдағы кездесуге төмендегі ойыншыларға сенім артып отыр.
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Роман Асранкулов («Тобыл»), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Асхат Балтабеков («Жетісу»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Аслан Дарабаев («Елімай»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Ислам Чесноков («Тобыл»), Андрей Ульшин («Қайрат»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Жан-Әли Пайруз («Елімай»), Артур Шушеначев («Сочи», Ресей).
Ел құрамасы алдағы кездесуге 5 қазаннан бастап Аустрияның Кремс қаласында дайындығын өткізді.
Ал, Аустрия құрамасының бас бапкері Ральф Рангник УЕФА Ұлттар лигасындағы қазан айына белгіленген екі ойынына қатысатын құрамын жариялады.
Қақпашылар: Никлас Хедль («Рапид», Австрия), Патрик Пентц («Брондбю», Дания), Александр Шлагер («Ред Булл Зальцбург», Австрия)
Қорғаушылар: Флавиус Данилюк («Верона», Италия), Марко Фридл («Вердер Бремен», Германия), Филипп Лиенхарт («Фрайбург», Германия), Филипп Мвене («Майнц 05», Германия), Стефан Пош («Болонья», Италия), Александр Прасс («Хоффенхайм», Германия), Леопольд Кверфельд («Унион Берлин», Германия), Михаэль Свобода («Венеция», Италия), Гернот Траунер («Фейеноорд», Нидерланды);
Жартылай қорғаушылар: Кристоф Баумгартнер («РБ Лейпциг», Германия), Флориан Гриллитч («Хоффенхайм», Германия), Конрад Лаймер («Бавария», Германия), Марсель Забитцер («Боруссия Дортмунд», Германия), Романо Шмид («Вердер Бремен», Германия), Матиас Зайдль («Рапид», Австрия), Николас Зайвальд («РБ Лейпциг», Германия), Кевин Штогер («Боруссия Менхенгладбах», Германия), Патрик Виммер («Вольфсбург», Германия);
Шабуылшылар: Джуниор Адаму («Фрайбург», Германия), Марко Арнаутович («Интер», Италия), Михаэль Грегорич («Фрайбург», Германия), Андреас Вайман («Блэкберн Роверс», Англия).