Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Македонияға жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Македония астанасы Скопье қаласына барды.
Бүгін жоспар бойынша ойын алды баспасөз мәслихаты мен жаттығу өтеді.
Кездесу 13 қазанда Қазақстан уақытымен сағат 23:45–те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл кездесуге ел құрамасынан сары қағаздың көптігіне байланысты шабуылшы Максим Самородов қатыса алмайды.
Құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр. Қазақстандық футболшылар бес турдан кейін 6 ұпаймен төртінші орында тұрса, Солтүстік Македония 12 ұпаймен бірінші орында келеді.

Отандастарымыз қазірге дейін Бельгия (0:6), Солтүстік Македония (0:1) және екі мәрте Уэльс (1:3, 0:1) құрамасынан жеңіліп, Лихтенштейннен екі мәрте (2:0, 4:0) басым түсті.
Ал Солтүстік Македония екі мәрте Лихтенштейнді (3:0, 5:0) жеңсе, Бельгиямен екі рет (1:1, 0:0), Уэльспен (1:1) тең ойнады.
Бұл ойында бас төреші міндетін испаниялық Хуан Мартинес атқарса, оған отандастары Диего Барберо мен Иван Массо көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Алехандро Муньис Руис.