Футболдан Қазақстан құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.

Футболдан Қазақстан құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқу-жаттығу жиыны 10-18 ақпан күндері Түркияның Белек қаласында өтеді.

Жиынның негізгі мақсаты – ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау.

Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Дінмұхаммед Жомарт («Жеңіс»), Нұрасыл Тоқтаров («Атырау»).

Қорғаушылар: Ұлар Жақсыбаев («Ордабасы»), Ади Адамбаев, Алмас Төлібай (екеуі – «Елімай»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Асқар Сатышев («Тұран»), Амандық Набиханов («Атырау»).

Жартылай қорғаушылар: Абылайхан Назымханов («Елімай»), Серікжан Мужиков, Ален Айманов («Жетісу»), Жасұлан Жұмашев, Наурызбек Жагоров, Мейрамбек Қалмырза, Данияр Үсенов (бәрі – «Тобыл»), Равиль Атыханов («Атырау»), Давид Есімбеков («Черноморец», Ресей);

Шабуылшылар: Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Оралхан Өміртаев, Айбар Абдулла («Ақтөбе»).

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльс, Лихтенштейн, Солтүстік Македония және Бельгия командаларымен бірге J тобына түсті.

Ұлттық құрама іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын 23 наурыз күні Уэльспен өткізеді. Үш күннен соң Лихтенштейнмен кездеседі. Екі ойын да сырт алаңда өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Еуропа лигасында Зайнутдинов ойнайтын «Бешикташ» командасы ірі есеппен жеңіске жеткенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар