Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы екі ойынға дайындығын бастады

футбол
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы Аустрия мен Норвегияға қарсы ойындарға дайындығын бастады.

Ел құрамасы үшінші топта сынға түседі. Қарсыластары - Аустрия, Словения және Норвегия.

Қазақстандық футболшылар қазірге дейін Норвегиямен (0:0) тең түсіп, одан кейін Словениядан (0:3, 0;1) екі мәрте, Аустриядан (0:4) жеңіліп қалды.

Нақты тізімге 27 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны 11 қараша күні Алматыда басталады.

Ұлттық құрама ойыншыларының тізімі:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Тобыл»), Темірлан Анарбеков («Жеңіс»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Мейрамбек Қалмырза, Асхат Балтабеков (екеуі де – «Жетісу»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан (екеуі де – «Ордабасы»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Аслан Дарабаев («Елімай»), Эльхан Астанов («Астана»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Ғалымжан Кенжебек («Акритас», Кипр);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Жан Әли Пайруз («Елімай»).

Енді ел құрамасы 14 қарашада Алматыда Аустрияны қабылдаса, 17 қарашада сырт алаңда Норвегиямен ойнайды.

Осыған дейін «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында қатарынан үшінші мәрте жеңілгенін жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram