Футболдан Қазақстан құрамасының Грекиямен кездесуіне кімдер қатысады
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алу үшін плей-офф сатысында Грекиямен кездесуіне қатысатын ойыншылар тізімін жариялады.

Бұл тізімге барлығы 26 футболшы енгізілген.
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);
Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы — «Астана»), Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин (барлығы — «Тобыл»), Сергей Малый, Темирлан Ерланов (екеуі — «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов (екеуі — «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей);
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Максим Самородов (екеуі — «Ақтөбе»), Абзал Байсебеков, Исламбек Қуат, Эльхан Астанов (барлығы — «Астана»), Асхат Тағыберген, («Ордабасы»), Әділет Сәдібеков («Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Александр Зуев («Арсенал» Тула, Ресей);
Шабуылшылар: Рамазан Каримов («Астана»), Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия).
Қазақстандық футболшылар 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алу үшін плей-офф сатысында Грекиямен кездеседі. Ойын 21 наурызда Грекия астанасы Афина қаласында болады.
Аталған ойынға әзірлікті Қазақстан ұлттық құрамасы 8 наурызда бастайды. Оқу-жаттығу жиыны Біріккен Араб Әмірлігінде өткізіледі.
Дайындық барысында 14 наурызда Түрікменстан құрамасына қарсы жолдастық ойын жоспарланған.