Футболдан Қазақстан құрамасының келесі бас бапкері кім болады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Али Алиевтің мансабын босатуына қатысты түсінік берді.

— Спорттық бөліммен келесі бапкер кім болатынын команда оралған соң шешеміз. Экспат па, әлде жергілікті маман ба, оған қарамаймыз. Міндетті түрде бапкердің кәсіби құзыреттілігіне қараймыз, — деп қысқа қайырды Марат Омаров БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Сондай-ақ тілшілер қауымы футбол федерациясының президентінен Али Алиевтің қызметіне баға беруін сұрады.
— Өзіне жүктелген міндетті орындады. Құраманың орташа жасы 25–26-да. Дегенмен, нәтиже көңіл көншітпейді. Сондықтан команда келген соң кадрлық шешім қабылдаймыз. Себебі келісімшарттық мәселе, белгілі бір шарт және заң тұрғыдан реттейтін жайт бар, — дейді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Али Алиев футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді.