23:58, 05 Маусым 2022 | GMT +5
Футболдан Қазақстан құрамасы Словакиямен кездеседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасы екінші турында сырт алаңда Словакиямен кездеседі. Аталған құрама қазақстандық футболшылардың еуропалық елдер қатарынан 41-ші қарсыласы болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Словакия және Қазақстан бұған дейін ұлттық құрама деңгейінде ешқашан кездескен емес. UEFA құрамына енгеннен кейін ұлттық құрама түрлі деңгейдегі турнирлерде 40 қарсыласымен шеберлік байқасты.
Әзірге Қазақстан құрамасы Словакиядан өзге Гибралтар, Израиль, Испания, Италия, Косово, Лихтенштейн, Люксембург, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Солтүстік Македония, Словения, Уэльс және Швейцария құрамаларымен кездескен жоқ.
Айта кетсек, Словакия мен Қазақстан 6 маусымда елорда уақытымен 00:35-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі,
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы футболдан UEFA Ұлттар лигасын жеңіспен бастады.