Футболдан Қазақстан және Армения кездесуінің төрешілер бригадасы анықталды

Футбол спорт мяч доп
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан және Армения құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде грузиялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады.

Бас төреші — Гога Кикачеишвили, оған Давид Ахвледиани мен Давид Габисония көмекшілік жасайды. 

Қосалқы төреші — армениялық Ашот Галтахчян.

Айта кетсек, қазақстандық футболшылар 7 маусымда Армения астанасы Ереванда сол елдің құрамасымен шеберлік байқасады.

Кездесу сағат 23:25–те «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Екі құрама қазірге дейін жеті мәрте өзара кездесті. Оның төртеуінде Армения жеңіске жетсе, екеуінде Қазақстан басым түсті. Бір ойында тең нәтиже тіркелді.

Сондай-ақ ел құрамасы 10 маусымда Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді.

Кездесу Венгрияның Сомбатхей қаласының «Халадаш» стадионында болады.

Еске салсақ, УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымының жеребе тарту қорытындысы бойынша Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топқа түсті.

Қазақстандық футболшылар алғашқы ойынын өз алаңында Норвегияға қарсы өткізеді.


Айта кетсек, маусым айының басында Станислав Черчесов футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар