Футболдан Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы Эстониядан жеңілді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Эстонияға жол берді.

«Атырау» футбол клубының құрамы жаңа ойыншылармен толықты
Фото: pexels.com

Қазақстандық футболшылар В лигасының бесінші тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Солтүстік Ирландия, Эстония және Грузия құрамалары.

Бүгін қазақстандық футболшылар Эстонияға 1:2 есебімен жол берді.

Ел құрамасынан Адия Асқарова 76-минутта мергендік танытты. Оған қарсыластар 42, 58-минутта екі гол соғып үлгерді.

Енді қазақстандық футболшылар 6 сәуірде Солтүстік Ирландия, 9 сәуірде Грузиямен кездеседі.

2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық кезеңі 14-27 шілде аралығында Литва мемлекетінде өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан Қазақстан құрамасының алдағы ойындарға қатысатын ойыншылары анықталды.

 

Соңғы жаңалықтар