Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әзербайжаннан жеңілді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде Әзербайжанға есе жіберді.

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әзербайжаннан жеңілді
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстандық футболшылардың Габала қаласында Әзербайжан және Грузия құрамаларымен екі жолдастық матч жоспарланған. 

Алғашқы ойында олар Әзербайжанға 0:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Енді олар 8 маусымда 12:00–де Грузиямен ойнайды. 

Еліміздің жасөспірімдер құрамасы 28 мамырдан бастап оқу-жаттығу жиынын бастады. Алғашқы оқу-жаттығу жиынын Талғар қаласында өткізді.

Бұл құрамаға аға жаттықтырушы Бауыржан Сағындық жетекшілік етеді.

Сондай-ақ еліміздің 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 31 мамыр мен 10 маусым аралығында Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жоспарға сәйкес үш жолдастық матч қарастырылған. Алдымен «Оңтүстік Академиясымен» ойнаса, одан кейін бүгін, 7 маусымда «Тұран» футбол клубымен шеберлік байқасады. Ал 10 маусымда «Ордабасы» клубымен кездесу өтеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Еуропа чемпионатындағы Қазақстан қыздар құрамасының қарсыластары анықталды.

Соңғы жаңалықтар