Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Тәжікстанмен тең ойнады

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Тәжікстанмен 1:1 есебімен тең ойнады.

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Тәжікстанмен тең ойнады
Фото: ҚФФ

Отандастарымыз арасынан Дәулет Орынбасар пенальтиден гол соқты. Осылайша құрама Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын аяқтады. 

Оқу-жаттығу жиыны барысында Бауыржан Сағындықтың шәкірттері Тәжікстанмен екі бақылау ойынын өткізді. 

Еске салсақ, футболдан Қазақстан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Словенияда өткен «Slovenia Nations Cup-2025» халықаралық турнирінде үшінші кездесуде Исландияға жол берді.

Отандастарымыз Біріккен Араб әмірлігі (БАӘ), Шотландия және Исландия ұжымдарымен шеберлік байқасты. Олар Исландияға 1:4 есебімен жол беріп қойды.

Алғашқы екі кездесуінде қазақстандық футболшылар Біріккен Араб әмірлігін 5:1, одан кейін Шотландияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Соңғы жаңалықтар