Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Андорраға қарсы ойынға дайындығын бастады
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Андорраға қарсы ойынға дайындығын бастады.

Жастарымыз D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларымен ойнайды. Аға бапкер Денис Мамоновтың шәкірттері 2 маусымда Астанада жиналды. Енді олар оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Кездесу 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында 19:30-да өтеді. Одан кейін қазақстандық жастар 8 маусымда Англиямен шеберлік байқасады.
Ойыншылар тізімі
Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Атырау»), Дулат Талыспаев («Кёге»), Мирас Рихард («Ертіс»).
Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Жетісу»), Санжар Әнуаров («Астана»), Александр Мигунов, Эльхан Саидов (екеуі де – «Шахтер»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»).
Жартылай қорғаушылар: Әбинұр Нұрымбет («Тұран»), Вячеслав Раскатов («Ертіс»), Дархан Бердібек («Ақтөбе»), Мирас Көбеев («Ислочь», Беларусь), Олжас Байбек, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Мұхаммед Еңсебаев («Сеута Б», Испания), Давид Есімбеков («Жетісу»), Хамза Мұхаметәли (AKAS).
Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік Академиясы»), Артем Литош («Хан Тәңірі»).
Еске салсақ, футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Ұлттар лигасында Люксембургпен кездеседі.