Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Англияға қарсы ойынға дайындығын бастады

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасының 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Англияға қарсы кездесуге шақырылған ойыншылар тізімі белгілі болды.

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Англияға қарсы ойынға дайындығын бастады
Фото: ҚФФ

Аға бапкер Денис Мамонов жетекшілік ететін құраманың оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Алматы қаласында басталады. Құрамға 24 ойыншы енді.

Қақпашылар: Нұралы Нұрғалиев («Шахтер»), Дулат Талыспаев («Кёге», Дания), Әбілқайыр Алиакбар («Алтай»);

Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Жетісу»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»),Темірлан Мырзағалиев, Никита Губарев (екеуі де – «Қайсар»), Бахтияр Төлеуов («Ертіс»);

Жартылай қорғаушылар: Давид Есімбеков («Жетісу»), Олжас Байбек («Қайрат»), Әбинұр Нұрымбет, Тамерлан Ағыманов (екеуі де – «Ертіс»), Вячеслав Раскатов («Каспий»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Сэйф Попов («Алтай»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік Академиясы»), Артем Литош («Шахтер»), Рамазан Бағдат («Қайрат»);

Айта кетсек, Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамалары. 

Отандастарымыз алғашқы кездесуде Андорраны 1:0 есебімен ұтып, жеңіспен бастады.

Іріктеу турнирінің екінші матчын Денис Мамоновтың шәкірттері 8 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Англия жастар құрамасына қарсы өткізеді. Ойын Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар