Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Молдовамен тең түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Молдовамен кездесті.
Молдовалық футболшылар бірінші кезеңде Қазақстан қақпасына екі гол соғып үлгерді.
Ойынның 5-минутында олардың қатарынан Сергиу Персиун мергендік танытса, Артур Спринзин 17-минутта есепті үстемелей түсті.
Екінші кезеңде қазақстандық Аруп Саутов 68-минутта гол соқса, Ілияс Әбіл 75-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша кездесуде құрамалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Енді Қазақстан жастары 10 маусымда Түркиямен кездеседі.
Айта кетсек, олар 4 маусымда Әзербайжанға 0:2 есебімен есе жіберген еді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан Армениядан жеңіліп қалған еді.