Футболдан Қазақстанның жасөспірім қыздар құрамасы Арменияны жеңді

спорт
Фото: kff.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында еліміздің 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Арменияны 7:0 есебімен ойсырата жеңді.

Қазақстандық футболшылар В лигасы төртінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Босния және Герцогвина, Эстония мен Армения.

Бүгінгі кездесу барысында қазақстандық футболшылар жинақы қимыл көрсетті. Ел құрамасынан Томирис Рахатжан, Айсана Зекен мен Виктория Цыганова екі голдан соқса, Полина Тучина бір мәрте қарсылас құрама қақпасын дәл көздеді.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық қыздар Эстонияға 0:2, Босния және Герцоговинаға 1:3 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалына шыққан командалар анықталды.

Соңғы жаңалықтар