Футболдан клубтар арасындағы ӘЧ: «Аль-Иттихад» «Окленд Ситиді» жеңді

Бүгін футболдан клубтар арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Kazinform.

Футбол бўйича Чемпионлар лигаси: "Реал Мадрид" бир тур олдин плей-оффга чиқди
Фото: qazsporttv.kz

Биыл әлем чемпионатында «Флуминенсе» (Бразилия), «Манчестер Сити» (Англия), «Леон» (Мексика),«Урава Ред Даймондс» (Жапония), «Аль-Ахли» (Египет), «Окленд Сити» (Жаңа Зеландия) және «Аль-Иттихад» (Сауд Арабиясы) сынға түседі.

Аталған турнирдің алғашқы ойынында «Аль-Иттихад» және «Окленд Сити» командалары кездесті.

Биыл Сауд Арабиясы клубына Карим Бензема, Н'Голо Канте секілді белгілі футболшылар қосылды. Еуропа құрлығында белгілі командалар сапында ойнаған олар жаңа ұжымның жоғары жетістікке жетуіне барынша күш салып келеді.

Тәжірибелі футболшылар бүгінгі ойында да мергендік танытып, өз әріптестерін жеңіске жетелей түсті. Ойынның 29-минутында «Аль-Иттихад» сапынан Ромариньо көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ал аталған клубтан Н'Голо Канте 34, Карим Бензема 40-минутта басымдықты арттыра түсті.
Осылайша саудиялық клуб қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Енді «Аль-Иттихад» 15 желтоқсанда «Аль-Ахли» командасымен кездессе, сол күні «Леон» мен «Урава Ред Даймондс» шеберлік байқасады.

Ал 18 желтоқсанда жартылай финалда «Флуминенсе» «Аль-Ахли» мен бірінші турдың жеңімпазымен болған кездесудің жеңімпазымен жасыл алаңға шығады.

Тағы бір жартылай финалда 19 желтоқсанда «Манчестер Сити» «Леон» мен «Урава Ред Даймондс» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Финал мен 3-орын үшін ойындар 22 желтоқсанға белгіленген.

Соңғы жаңалықтар