02:55, 03 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Футболдан Конфедерация кубогының жеребесі тартылды
АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Футболдан Конфедерация кубогының жеребесі тартылды. Бұл сын 2013 жылы маусымда Бразилияда өтеді, деп хабарлады «Аламан» ұлттық спорт порталынан.

Жеребе қорытындысы бойынша Бразилия, Италия, Мексика, Жапония А тобына түсті. Ал Испания, Уругвай, Таити және 2013 жылғы Африка үздігі атанатын құрама В тобында.
Ашылу матчы 15 маусым күні Бразилия мен Жапония арасында болады. Ал 30 маусым күні «Мараканада» финал өтеді.