Футболдан Конференция лигасы: «Карабах» қарсыласына есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Конференция лигасы 1/16 финалындағы алғашқы ойындар өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан Конференция лигасы: «Карабах» қарсыласына есе жіберді

Аталған биылғы футбол маусымында тұңғыш мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұл Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасынан кейінгі үшінші турнир саналады.

Топтық кезеңде барлығы 32 команда сегіз топқа бөлініп сынға түсті. Олардың қатарында еліміздің атынан алматылық «Қайрат» H тобында ойын көрсетті. Қарсыластары - Швейцарияның «Базель», Әзербайжанның «Карабах» және Кипрдің «Омония» клубтары. Алматылық клуб өз тобында небәрі екі ұпаймен төртінші орынды қанағат тұтты.

Командалардың ойын нәтижесі төмендегіше:

«Олимпик Марсель» (Франция) – «Карабах» (Әзербайжан) 3:1

«Cпарта Прага» (Чехия) – «Партизан» (Сербия) 0:1

«Фенербахче» (Түркия) – «Славия Прага» (Чехия) 2:3

«Лестер» (Англия) – «Раннерс» (Шотландия) 4:1

«Селтик» (Шотландия) – «Бодо-Смит» (Израиль) 1:3

«Мидтьюлланн» (Дания) – ПАОК (Грекия) 1:0

ПСВ (Нидерланды) – «Маккаби Тель-Авив» (Израиль) 1:0

«Рапид Вена» (Австрия) – «Витесс» (Нидерланды) 2:1.

Жарыстың аталған сатысындағы қарымта ойындар 24 ақпанға белгіленген. Әрбір жеңімпаз команда 10 және 17 ақпан күндері 1/8 финалда ойнауға мүмкіндік алады.