Футболдан Конференция лигасы: Қазақстандық клубтардың келесі ықтимал қарсыластары анықталды
Аталған шара барысында еліміздің қостанайлық «Тобыл» мен петропавлдық «Қызылжар» ықтимал қарсыластары белгілі болды.
«Тобыл» плей-офф сатысында «Олимпиакос» (Грекия) және «Слован» (Словакия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
«Қызылжар» плей-офф сатысына шыққан жағдайда «Сепси» (Румыния) және «Юргорден» (Швеция) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ойындар 18 және 25 тамыз күндеріне белгіленген.
Айта кетсек, Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында 4 және 11 тамыз күндері «Тобыл» Босния және Герцоговинаның «Зриньски», «Қызылжар» Кипрдің АПОЭЛ командаларымен кездеседі.
Еске салсақ, екінші іріктеу сатысында қостанайлық команда Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» (2:0, 1:0), «Қызылжар» Хорватияның «Осиек» (2:0, 1:2) орта жолда қалдырып кетті.
Ал елордалық «Астана» Польшаның «Ракув» клубына (0:5, 0:1), Алматының «Қайраты» Венгрияның «Кишварда» клубына (0:1, 0:1) жол беріп қойды.
Фото: www.sports.kz