Футболдан Конференция лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Конференция лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жеребе тарту рәсімі бүгін, 26 тамызда Түркияның Ыстанбұл қаласында өтті.
Командалар рейтингтегі орны бойынша төрт себетке бөлінген. 24 тамызда іріктеу кезеңі мәресіне жетті.
A тобы: «Истанбул» (Түркия), «Фиорентина» (Италия), «Хартс» (Шотландия), РФШ (Латвия).
B тобы: «Вест Хэм» (Англия), «Стяуа» (Румыния), «Андерлехт» (Бельгия), «Силькеборг» (Дания).
C тобы: «Вильярреал» (Испания), «Хапоэль Беер-Шева» (Израиль), «Аустрия» (Австрия), «Лех» (Польша).
D тобы: «Партизан» (Сербия), «Кельн» (Германия), «Ницца» (Франция) «Словацко» (Чехия).
E тобы: АЗ (Нидерланды), «Аполлон» (Кипр), «Вадуц» (Лихтенштейн), «Днепр-1» (Украина).
F тобы: «Гент» (Бельгия), «Мольде» (Норвегия), «Шэмрок Роверс» (Ирландия), «Юргорден» (Швеция).
G тобы: «Славия» Прага (Чехия), ЧФР (Румыния), «Сивасспор» (Түркия), «Балкани» (Косово).
H тобы: «Базель» (Швейцария), «Слован» (Словакия), «Жальгирис» (Литва), «Пюник» (Армения).
Топтық кезеңдегі ойын кестесі:
1 тур: 8 қыркүйек
2 тур: 15 қыркүйек
3 тур: 6 қазан
4 тур: 13 қазан
5 тур: 27 қазан
6 тур: 3 қараша
Финал 2023 жылдың 7 маусымында Чехия астанасы Прага қаласындағы «Фортуна арена» стадионында өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды.