Футболдан Конференция лигасы: «Астана» «Виктория Пльзеньге» есе жіберді

Бүгін «Астана» футбол клубы Конференция лигасының топтық кезеңінде екінші ойынын өткізіп, Чехияның «Виктория Пльзень» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

астана клубы
Фото: pexels.com

Елордада өткен матчтың бірінші кезеңінде екі команда ойыншылары жиі шабуылға шықты. Десе де таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде «Астана» шабуылшысы Марин Томасов 51-минутта тепкен доп қақпа торында тулап жатты. Бұл есеп көп сақталған жоқ. Чехиялық команда сапынан Томаш Хоры – 54, Лукаш Калвах 56-минутта екі гол соғып кетті.

Осылайша «Астана» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Астаналық клуб енді алдағы ойынын 26 қазанда сырт алаңда «Балкани» (Косово) командасына қарсы өткізеді.

Айта кетсек, алғашқы турда «Астана» Хорватияның «Динамо Загреб» командасына 1:5 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ аталған топта «Балкани» (Косово) және «Динамо Загреб» (Хорватия) командалары кездеседі.

Соңғы жаңалықтар