Футболдан ҚР кубогы: Алғашқы кезеңдерге қатысатын командалар нақтыланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогының алғашқы екі іріктеу кезеңінде сынға түсетін командалар нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алғашқы іріктеу кезеңінде бірінші және екінші лиганың 16 командасы бақ сынайды.
Жарыстың аталған екі сатысында «Қыран» (Шымкент), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Байқоныр» (Қызылорда), «Жетісу» (Талдықорған), «Қайсар» (Қызылорда), «Игілік» (Тараз), «Яссы» (Түркістан облысы), «Жеңіс» (Нұр-Сұлтан), «SD Family» (Нұр-Сұлтан), «Алтай» (Шығыс Қазақстан облысы), «Жас Қыран» (Алматы), «Жас Сұңкар» (Нұр-Сұлтан), «Хан Тенгри» (Алматы), «Арыс» (Түркістан облысы), «Aqtobe City» (Ақтөбе) командалары ойнайды.
18 наурызда Қазақстан кәсіпқой футбол лигасында ҚР кубогы алғашқы екі кезеңінің жеребесі тартылады.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан біріншілігінде «Қайрат» пен «Тобыл» көш басына шықты.