Футболдан Лига кубогы: «Атырау» сырт алаңда «Тұраннан» басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Лига кубогы турнирінің екінші турында С тобында «Атырау» сырт алаңда «Тұраннан» басым түсті.

«Атырау» футбол клубының құрамы жаңа ойыншылармен толықты
Фото: fc_atyrau

Кездесу барысында атыраулық клубтан Едіге Оралбай 38-минутта есеп ашса, Наурызбек Жагоров 96-минутта мергендік танытты.

Осылайша «Атырау» қарсыласын 2:0 есебімен жеңіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Айта кетсек, алғашқы турда олар өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» клубымен 0:0 есебімен тең ойнады. 

Бұл топтағы «Ордабасы» (Шымкент) мен «Елімай» (Семей) кездесуі 6 шілдеде сағат 20:00–ге жоспарланған. 

6 шілдеде В тобында 18:00–де «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақтөбе», 20.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жеңіс» (Астана) шеберлік байқасады.

Сондай-ақ 7 шілдеде А тобында 17:00–де «Ақжайық» пен «Тараз», «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайрат» (Алматы) кездеседі.

Дәл сол күні D тобында 20:00–де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Астана» мен «Каспий» (Ақтау) сынға түседі.

Биыл алғаш рет жалауын көтерген турнирде 16 команда 4 топта сынға түсіп, әрқайсысы 3 ойыннан өткізеді.

Соңғы жаңалықтар