Футболдан Лига кубогы: «Қызылжар» мен «Қайрат» тең ойнады
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Лига кубогы турнирінің екінші турында «Қызылжар» мен «Қайрат» тең ойнады.

А тобында сынға түсіп жатқан командалар бұл ойында 1:1 есебімен тең ойнады. Олар алғашқы турда жеңіске жеткен еді.
Аталған топта Оралдың «Ақжайығы» «Таразға» 0:2 есебімен жол берді.
Екі турда төрт ұпай жинаған «Қызылжар» мен «Қайрат» алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.
Енді D тобында «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Астана» мен «Каспий» (Ақтау) сынға түседі.
Айта кетсек, 6 шілдеде В тобында «Тобыл» (Қостанай) өз алаңында «Ақтөбені» 2:0 есебімен жеңсе, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жеңіс» (Астана) клубына 0:1 есебімен жол берді.
Ал 6 шілдеде С тобында «Ордабасы» (Шымкент) мен «Елімай» (Семей) 2:2 есебіне қанағат білдірсе, «Тұран» (Түркістан) «Атырауға» 0:2 есебімен жол берді.