Футболдан Лига кубогы: «Ордабасы» мен «Елімай» тең түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Лига кубогы турнирінің екінші туры басталады. Биыл алғаш рет жалауын көтерген турнирде 16 команда 4 топта сынға түсіп, әрқайсысы 3 ойыннан өткізіп жатыр.

Бүгін, 6 шілдеде С тобында «Ордабасы» (Шымкент) мен «Елімай» (Семей) кездесуі өтті.
Ойынның 54-минутында семейлік клубтан Еркебұлан Нұрғалиев есеп ашса, оған «Ордабасы» ойыншысы Сағадат Тұрсынбай 72-минутта бір голмен жауап қайырды.
Ал Жан Али Пайруздың 79-минуттағы голынан кейін қайтадан «Елімай» алға шықса, Сағадат Тұрсынбай 88-минутта қайтадан таразы басын теңестірді.
Осылайша командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Бұл топтағы «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау» кездесуінде атыраулық клуб 2:0 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ 6 шілдеде В тобында «Тобыл» (Қостанай) өз алаңында «Ақтөбені» 2:0 есебімен жеңсе, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жеңіс» (Астана) клубына 0:1 есебімен жол берді.
Енді 7 шілдеде А тобында «Ақжайық» пен «Тараз», «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайрат» (Алматы) кездеседі.
Дәл сол күні D тобында «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Астана» мен «Каспий» (Ақтау) сынға түседі.