Футболдан премьер-лига: 16-тур ойындарының кестесі жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған тур 22 және 23 шілде күндері өтеді. Бүгін төрт ойын болса, 23 шілдеде үш кездесу белгіленген.
Бүгін, 22 шілде, сағат 18:00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Ақсу» (Павлодар облысы) аталған турдың алғашқы ойынын өткізеді.
Ал 19:00-де «Астана» мен «Атырау», 20:00-де «Ақтөбе» мен «Қайсар» (Қызылорда), 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қызылжар» (Петропавл) кездеседі.
23 шілдеде 18:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Каспий» (Ақтау), 19:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Мақтарал» (Түркістан) ойнайды.
Бұл турды 21:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары түйіндейді.
Еске салсақ, футболдан бірінші лигада «Елімай» «Тұраннан» төрт ұпайға ұзап кетті.