Футболдан Премьер-лигадағы 2011 жылғы Қазақстан чемпионы Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

АЛМАТЫ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Қарағандының "Шахтер" футбол клубы Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Ол 8 желтоқсанда басталған болатын.
None
None

ХХІ Қазақстан чемпионаты қарсаңындағы бұл жиынға қосалқы құрамдағы жас ойыншылардан Игорь Шацкий, Владислав Ахмеев, Виталий Ли, Жомарт Рысалин, Хамид Матаев және өзге командалардан бірнеше легионер қатысты. Олар - Евгений Горячий ("Қайрат"), Санат Жұмаханов, Станислав Лунин («Восток»), Кузьмин Владислав ("Іле-Саулет") және латыш Ритус Кряуклис пен поляк Хенао Роджер Каньяс.

Енді "Шахтердің" 3 ойыншысы 21 жасқа дейініг жастар құрамасынан шақырту алып отыр. Евгений Азаматов, Евгений Горячий мен Сергей Ткачук 10-18 қаңтарда Алматыда болатын оқу-жаттығу жиынынан кейін 18-30 қаңтарда Санк-Петерборда болатын "Достастық кубогы" халықаралық турнирінде ел намысын қорғамақ.

Соңғы жаңалықтар