Футболдан премьер-лига: 24-тур ойындарының кестесі жарияланды
Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 24-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған тур 30 қыркүйек және 1 қазан күндері өтеді. Сенбіде 2 ойын болса, қалғаны жексенбіге белгіленген.
Бүгін сағат 17:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Тобыл» (Қостанай) аталған турдың алғашқы кездесуін өткізеді.
Одан кейін 19:00-де «Ақтөбе» мен «Астана» жасыл алаңға шығады.
Ал 1 қазанда 15:00-де «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Оқжетпес» (Көкшетау), одан кейін 16:00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Ордабасы» (Шымкент) ойнайды.
Аталған турда 17:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Қайрат» (Алматы), 21:00-де «Атырау» мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) шеберлік байқасады.
Айта кетсек, қазірге дейін көш басында 52 ұпаймен «Ордабасы» келеді. Одан кейінгі орындардағы «Астанада» – 49, «Ақтөбеде» 45 ұпай бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын кейінге қалдырылған 15 және 18-тур ойындары өткізілген болатын.