Футболдан «Super Bol» жобасының жеңімпазы анықталды

«Super Bol» жобасының ақтық ойыны «Астана Арена» стадионында өтті.
Финалда «Jenis» футбол құрамасы мен арнайы іріктеліп алынған әуесқой жас футболистерден құралған «Super Bol» командасы бақ сынасты.
Ойын 6:5 есебімен «Super Bol» командасының жеңісімен аяқталды. Яғни әуесқой жас футболистер кәсіби футболистерден басым түсіп, жеңіске жетті.
Сондай-ақ, жарысты шетелден келген 60-қа жуық скаут бақылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, финалда үздік ойын көрсеткен, қабілеті жоғары жас футболистермен келісім жасалуы мүмкін.
Айта кетсек, «Super Bol» жобасына кастинг 15-25 жас аралығындағы кәсіби футболға таласы бар жастар арасында өтті. Онда 6 мыңнан астам үміткер бақ сынаған.
Ойыншыларды іріктеу Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей, Павлодар, Ақтау, Ақтөбе және Тараз қалаларында өтті.
Бұған дейін елордада «Super Bol» жобасының ақтық ойыны өтетіні туралы хабарлаған едік.
Еске сала кетсек, «Super Bol» жас футболшылар жобасын ҚР Президенті жанындағы «Dara» дарындыларды қолдау қоры және Freedom Broker инвестициялық компаниясы қолға алған.