Футболдан UEFA Конференция лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Конференция лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан UEFA Конференция лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды

Жарыстың 1/8 финалына «Олимпик Марсель» (Франция), «Партизан» (Сербия), «Славия Прага» (Чехия), «Лестер» (Англия), «Бодо-Глимт» (Норвегия), ПСВ (Нидерланды), «Витесс» (Нидерланды), ПАОК (Грекия) командалары шықты. https://kaz.inform.kz/news/futboldan-konferenciya-ligasy-shirek-finalga-kay-komandalar-shykty_a3904179

Сондай-ақ, олардың қатарына топтық кезеңде бірінші орын алып, бірден 1/8 финалға шыққан «Базель» (Швейцария), «Ренн» (Франция), «Гент» (Бельгия), «Рома» (Италия), «Копенгаген» (Дания), ЛАСК (Австрия), АЗ «Алкмаар» (Нидерланды), «Фейенорд» (Нидерланды) командалары қосылды.

1/8 финалдағы қарсыластар төмендегіше:

«Олимпик Марсель» - «Базель»

«Лестер» - «Ренн»

ПАОК - «Гент»

«Витесс» - «Рома»

ПСВ - «Копенгаген»

«Славия Прага» - ЛАСК

«Бодо-Глимт» - АЗ

«Партизан» - «Фейеноорд»


Енді 1/8 финал ойындары 10 және 17 наурыз күндері өткізіледі. Финал 22 мамырда Албанияның Тирана қаласындағы «Комбетаре» стадионында болады.