Футболдан UEFA лигасы: Қазақстандық командалар ойындарына төрешілер белгіленді
Петропавлдың «Қызылжар» және Хорватияның «Осиек» командалары кездесуін латвиялық төрешілер қазылық етеді. Онда Александр Ануфриев бас төреші болса, оған Евгений Морозов пен Роман Платонов көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де латвиялық Эдгар Мальцев.
Ал Алматының «Қайраты» мен Венгрияның «Кишварда» кездесуінде даниялық Петер Кьерсгор бас төреші болады. Сол елдің өкілдері Йеспер Даль пен Деннис Волленберг Расмуссен көмекшілік болса, төртінші төреші де даниялық Миккел Реддер.
Сондай-ақ, польшалық «Ракув» пен елордалық «Астана» ойынында грузиялық бригада қызмет көрсетеді. Ойында Гога Кикачеишвили жетекшілік жасаса, Давит Габисониа пен Давид Чигогидзе көмекші болады. Қосалқы төреші де грузиялық Иракли Херхадзе.
Ойындар 21 және 28 шілде күндері өткізіледі.
Еске салсақ, «Тобыл» UEFA Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчында тең түсті.