Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM - UEFA Ұлттар лигасына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды.

Оқу-жатттығу жиыны 23 мамырда Алматы қаласындағы «Қайрат» футбол клубының базасында басталды. Дайындық барысында екі жолдастық кездесу өткізу жоспарланған.
Қазақстандық футболшылар аталған қарсыласымен Алматы қаласында 25 және 28 мамыр күндері ойнайды. Басталуы Қазақстан уақытымен 15:00-ге белгіленген.
Ойындар «QazSport» телеарнасы мен KFF YouTube-арнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Ел құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионы үшінші тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Армения, Люксембург және Лихтенштейн.
Алғашқы екі ойында қазақстандық футболшылар Арменияға 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Люксембургпен 2:2 есебімен тең түсті. Ал үшінші турда Лихтенштейнді 4:0 есебімен тізе бүктірсе, төртінші турда 3:2 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында шешуші екі ойынын өткізеді. Алдымен 30 мамырда Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді қабылдаса, араға үш күн салып Люксембургпен кездеседі.
Тізімге барлығы 28 ойыншы енгізілген.
Қақпашылар: Ангелина Портнова («Diyarbakir», Түркия), Назым Исмайлова («Томирис-Тұран»), Әсел Ануарбек («Ұлытау»);
Қорғаушылар: Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева («БИІК-Шымкент»), Карина Ботабек («Ұлытау»), Қазына Норбаева («Ақтөбе»), Нұрсая Сұлтан («Ұлытау»), Мария Демидова («Минск»), Аделия Бекқожина («Жеңіс»), Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей);
Жартылай қорғаушылар: Карина Жұмабайқызы («Ақтөбе»), Ксенья Хайрулина, Жанеля Ержанова, Мәдина Жаңатаева («Ақтөбе»), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей), Әсел Жолболат («Ұлытау»), Карина Берікова («Bornova Hitab Spor», Түркия);
Шабуылшылар: Жансезім Айсапар («Ұлытау»), Әсем Қаражанова, Аида Гайстенова («Ақтөбе»), Ару Ермағамбетова, Назым Алданазар, Томирис Рахатжан («Қайрат»), Полина Тучина («Қайрат»), Әселхан Тұрлыбекова («БИІК-Шымкент»), Әмина Бибосынова («Turbine Potsdam», Германия), Анастасия Тян («Томирис-Тұран»);