Футболдан Ұлттар лигасы: Испания сырт алаңда Португалияны жеңді
Аталған ойын күніндегі негізгі кездесу Португалия мен Испания құрамалары арасында өтті. Екі құраманың бірі жеңіске жеткен жағдайда А дивизионы екінші тобында көш басына шығып, алдағы уақытта аталған турнирдің жүлдесін сарапқа салатын төрт құраманың бірінің қатарына қосылатын еді.
Ойынның 89-минутында испаниялық Альваро Мората гол соқты. Осылайша Испания қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ, аталған топта Швейцария Чехияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Аталған турдағы үшінші ойын күні нәтижесі төмендегіше:
А дивизионы. Екінші топ: Португалия - Испания 0:1, Швейцария - Чехия 2:1
В дивизионы. Бірінші топ. Ирландия - Армения 3:2, Украина - Шотландия 0:0
В дивизионы. Екінші топ. Албания - Исландия 1:1
В дивизионы. Төртінші топ. Норвегия - Сербия 0:2, Швеция - Словения 1:1
С дивизионы. Екінші топ. Косово - Кипр 1:2, Грекия - Солтүстік Ирландия 3:1
Енді 9 қазанда 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеребесі тартылады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Ұлттар лигасында Англия мен Германия тең түсті.