Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының ойын кестесі белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасының С дивизионындағы ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Еске сала кетейік, бүгін ел құрамасы С дивизиондағы орнын сақтап қалды. Екі ойынның нәтижесімен (2:1, 0:1, пенальтиден 5:4) Молдованы орта жолда қалдырды .

Енді қазақстандық футболшылар С дивизионында үшінші топта сынға түседі. Қарсыластары - Словакия, Беларусь және Әзербайжан.

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы ойын кестесі төмендегіше:

3 маусым. Қазақстан - Әзербайжан

6 маусым. Словакия - Қазақстан

10 маусым. Беларусь - Қазақстан

13 маусым. Қазақстан - Словакия

22 қыркүйек. Қазақстан - Беларусь

25 қыркүйек. Әзербайжан - Қазақстан

Сондай-ақ, 29 наурызда Кипр құрамасы Эстонияны өз алаңында 2:0 есебімен (бірінші ойын 0:0) жеңіп, С дивизионындағы орнын сақтап қалды.

Соңғы жаңалықтар