Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстан Молдоваға қарсы құрамын жариялады

Еліміздің ұлттық құрамасының бас бапкер міндетін атқарушы Андрей Карпович матчтың алғашқы минутынан бастап Молдоваға қарсы ойнайтын футболшылардың есімін жариялады.
Олардың қатарында Игорь Шацкий, Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп, Сергей Малый, Александр Марочкин, Марат Быстров, Асхат Тағыберген, Исламбек Қуат, Владислав Васильев, Бактиер Зайнутдинов, Абат Айымбетов бар.
Ал Молдова құрамасында алғашқы минуттан Дорин Райлян, Олег Рябчук, Вячеслав Посмак, Вадим Болохан, Игорь Армаш, Иоан-Кэлин Ревенко, Артур Ионица, Михай Платика, Вадим Раца, Михаил Каймаков, Ион Николаеску жасыл алаңға шығады.
Алғашқы ойында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Молдованы 2:1 есебімен жеңген еді.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы 2020/21 жылғы кезеңінде С лигасында Албания, Беларусь және Литвамен сынға түсіп, төртінші орынды місе тұтты.
Жеңімпаз құрама алдағы кезеңде С лигасындағы орнын сақтап қалса, жеңілгені Д лигасында сынға түседі.