Футболдан Ұлттар лигасында Испания қатарынан екінші мәрте тең түсті

Бұл күнгі басты кездесу А лигасы екінші тобындағы Чехия мен Испания арасында өтті.
Кездесу барысында чехиялық Якуб Пешек 4-минутта есеп ашса, оған испаниялық Гави 45-минутта бір голмен жауап қайырды. Ал Ян Кухта 66-минутта қайтадан Чехияны алға шығарса, Иньиго Мартинес 90-минутта таразы басын теңестірді.
Осылайша құрамалар 2:2 есебіне қанағат білдірді. Испания екі ойын қатарынан тең ойнап, небәрі екі ұпай жинады.
Аталған топтағы Португалия Швейцарияны 4:0 есебімен сүріндірді.
Бұл күнгі қалған ойындар нәтижесі төмендегіше:
В лигасы 4 топ
Сербия - Словения 4:1
Швеция - Норвегия 1:2
С лигасы 2 топ
Кипр - Солтүстік Ирландия 0:2
Косово -Грекия 0:1
С лигасы 4 топ
Гибралтар - Солтүстік Македония 0:2
Болгария - Грузия 2:5
D лигасы 2 топ
Сан-Марино - Мальта 0:2
6 маусымда екінші турдың екінші ойын күні өткізіледі.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы Словакиямен кездеседі.