Футболдан Ұлттар лигасында Испания мен Португалия тең түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Ұлттар лигасында алғашқы тур ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жанкүйерлер 2 маусымдағы ойындар күтізбесінде Испания және Португалия кездесуіне көз тікті. А лигасында сынға түсетін құрамалар тартысты бәсеке көрсетті. Алдымен испаниялық Альваро Мората 25-минутта есеп ашса, оған португалиялық Рикарду Орта 82-минутта бір голмен жауап қайырды. Осылайша құрамалар 1:1 есебімен тең түсті.

Аталған топтағы тағы бір кездесуде Чехия Швецияны 2:1 есебімен сүріндірді.

Ал В лигасының үшінші тобындағы Израиль мен Исландия құрамалары 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Осы лиганың төртінші тобында Сербия Норвегиядан 0:1, Словения Швециядан 0:2 есебімен жеңілді.

Сондай-ақ, С лигасының екінші тобында өз алаңында Кипр Косовоға 0:2, Солтүстік Ирландия Грекияға 0:1 есебімен жол берді.

Аталған лиганың төртінші тобында Болгария мен Солтүстік Ирландия 1:1 есебімен тең түссе, Грузия Гибралтардан 4:0 есебімен басым түсті.

D лигасы екінші тобында Эстония Сан-Мариноны 2:0 есебімен жеңді.

Аталған турнирдегі алғашқы тур ойындары 3 және 4 маусым күндері өтеді.

Еске салсақ, бүгін С лигасы үшінші тобында сынға түсетін Қазақстан құрамасы өз алаңында Әзербайжан құрамасын қабылдайды. Бұл топтағы тағы бір кездесуде Беларусь пен Словакия шеберлік байқасады.

Бұған дейін, Ұлттар лигасына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар