Футболдан ұлттар лигасында Қазақстан Беларуське қарсы құрамын жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Ұлттар лигасы бесінші турында өз алаңында Беларуське қарсы ойнатын Қазақстан команда құрамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел құрамасы сапында алғашқы минуттан қақпашы Игорь Шацкий, қорғаушылар Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Александр Марочкин, Сергей Малый, Михаил Габышев, жартылай қорғаушылар - Асхат Тагыберген, Аслан Дарабаев, Бактиёр Зайнутдинов, Рамазан Оразов, шабуылшы Абат Айымбетов шығады.
Ал Беларусь құрамасында қақпаны Егор Хаткевич күзетсе, қорғаныста Кирилл Печенин, Руслан Юденков, Максим Швецов, Денис Поляков, жартылай қорғаныста Макс Эбонг, Евгений Яблонский , Владислав Климович, Глеб Шевченко, шабуылда Павел Савицкий мен Егор Богомольский жасыл алаңға шығады.
Аталған кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кездесуде румыниялық Хорациу Фесник бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Валентин Аврам мен Александру Черей көмекшілік жасайды.
Қосалқы төреші де - румыниялық Раду Петреску.
Айта кетсек, қазақстандық футболшылар С лигасы үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Беларусь, Әзербайжан мен Словакия.
Айта кетсек, бүгін қазақстандық футболшылар жеңіске жетсе, құрамасы алдағы маусымдағы Ұлттар Лигасында В дивизионына Еуропаның алдыңғы қатарлы құрамаларымен сынға түсуге мүмкіндік алады.
Оған қоса 2024 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу ойындарына қатысады.
Фото: kff.kz