Футболдан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасына аға бапкер және оның көмекшісі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
None
None

Аға бапкер қызметін 43 жастағы Алмас Құлшынбаев атқаратын болды. Оның көмекшісі ретінде Андрей Ферапонтов тағайындалды.

Алмас Құлшынбаев «Қайрат» (Алматы), «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Ақтөбе-Ленто» (Ақтөбе), «Ордабасы» (Шымкент) және «Мегаспорт» (Алматы) футбол клубтарында ойнады. Еліміздің ұлттық құрамасы сапында 12 ойын өткізген. Бапкерлік қызметін 2008 жылы бастап, алғаш алматылық «Мегаспорт» командасының жастарына тәлім берді. Кейіннен «Сұңқар» (Қаскелең), «Спартак» (Семей) және «Жетісу» (Талдықорған) клубтарына бапкерлік етті. Өткен маусымда 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болды.

Ал Андрей Ферапонтов еңбек жолында «Цесна» (Алматы), «Іле-Сәулет» (Өтеген Батыр ауылы), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент), «Мақтарал» (Мақтарал ауданы) клубтарында қызмет атқарды. Сондай-ақ, Қазақстанның жастар және ұлттық құрамаларында жұмыс тәжірибесі бар.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері тағайындалғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар