Футболдан жастар арасындағы әлем чемпионаты Өзбекстан мен Әзербайжанда өтеді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 2027 жылы 20 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы (U-20) әлем чемпионаты Өзбекстан мен Әзербайжанда өтеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Футболдан жастар арасындағы әлем чемпионат
Фото: Өзбекстанның Футбол қауымдастығы

Өзбекстан Футбол қауымдастығының мәліметінше, бұл сайыс FIFA қолдауымен өткізілетін маңызды әлем чемпионаттарының бірі.

- Соңғы жылдары біздің еліміз көптеген ірі халықаралық турнирлерді қабылдай отырып, тәжірибе жинақтады. Атап айтқанда, 2024 жылы Өзбекстанда өткен FIFA футзалынан әлем чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды және ол халықаралық қауымдастық тарапынан зор қолдауға ие болды, - деп мәлім етті Өзбекстанның Футбол қауымдастығынан.

Еске салайық, биыл Әзербайжан мен Өзбекстан жастар арасында футболдан әлем чемпионатын бірге өткізуге өтінім берген болатын.

Қоса кетсек, бірнеше күн бұрын UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турында қазақстандық «Қайрат» (Алматы) испаниялық «Реал Мадрид» (Испания) командасын қабылдап, қонақ командаға есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар